Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Балтасап негізгі мектебі" КММ
КГУ "Балтасапская основная школа" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
8
Шілде
2022
|
- Қаралды: 188

Балалар жылы аясында Ақтоғай ауданының оқушылары үшін «Ертіс Медиа» холдингінде оқушылардың тілші мамандығы туралы ойларын кеңейту, мақала жазуға машықтандыру, экран алдында жаңалық айтуға, оқу дикцияларын қалыптастыру, кәсіби бағдар беру мақсатында "Тәлімгердің жұмыс орнындағы он күн" атты жобасы іске асырылуда.
Жобамыздың алғашқы күні тәлімгеріміз, "Ертіс Медиа" ЖШС директорының орынбасары, "JEBE" қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы, ақын, тілші, еліміздің мақтанышы, бетке ұстар ер азаматымыз Сманов Жұмабек Оркенұлы Нығманов атындағы орта мектебінің «Жас қаламгер» үйірмесінің шәкірттерін кәсіби мамандардың жұмыс орындарымен таныстырып, журналистиканың қыр-сыры жайлы мәліметтерімен бөлісті.
Баянауыл өңірінің тумасы Еламан Қабділәшім атты журналист, ақынмен кездесу өтіп, ақынның жарық көрген кітаптарымен танысып, шабыт, өлең жазу, жалпы шығармашылық тақырыптарында әңгіме өрбіді.
Оқушыларымыз оператордың қызметімен танысып, экран алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс жасады. Оператормен жұмыс жасау барысында жарықтың дұрыс түсуі, микрофонның қызметі, видеоаппаратпен жұмыс жасау және тағы басқа сол сияқты жұмыстардың қыр-сырын меңгерді. Фотограф Есенжол ағаларымен фотоаппаратпен дұрыс жұмыс жасауды, фотоға дұрыс түсіруді, суреттерді сөйлете білуге, оларды өндеуге, фотоның тақырыпты ашудағы басты міндеттерімен танысып, білімдерін жетілдірді. Оқушыларымыз кәсіби бағдар бойынша білімдерін кеңейтуді жалғастыруда.
7
Шілде
2022
|
- Қаралды: 190

Әрбір оқушы жазғы маусым мен демалысты тағатсыздана күтеді, ал ата-аналар да балаларының жазғы кезеңде демалып, жазды Пайдалы өткізгенін қалайды. Бүгін Ақтоғай ауданында ауданның 50 оқушысы үшін "Ақтоғай" жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы басталды.
Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бибігүл Конкушевна Оспанова, "Нұр ана әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Карагужинова Катима Каримовна қатысты. Өз сөзінде қонақтар оқушыларға жақсы демалыс, жақсы көңіл-күй және жарқын әсер тіледі. Іс-шара барысында оқушылар мен педагогтар мерекелік концерт ұсынды. Іс - шараның екінші бөлімінде эстафеталар, спорттық ойындар-футбол,волейбол және
" Таланттар шоуы"өткізілді.