Текст материала
Павлодар облысының білім беру басқармасы,
Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің
«Балтасап негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
паспорты
Директор Адамов Химадиден Бейсембаевич
Білім мекемесінің құрылған жылы 01.09.1978ж.
Мекен жайы Балтасап ауылы, Мектеп көшесі, 2ст-е
Мекеменің жалпы ауданы 475 кв.м, бір қабат,типтік емес
Мектеп қуаты 80 орын
Мектептің бос қуаты -
Контингенті Оқушы саны- 43 ;
Мектепалды даярлық топ-1
1-4 сыныптарда - 18
5-9 сыныптарда - 25
Оқытылу тілі Қазақ тілінде 1-9 сыныптар
Ауысым 2 ауысым
Оқу – материалдық
база
Оқу кабинеті-6
Лабораториялар-0
Компьютерлық сынып-1
Мультимедиялық кабинет-0
Спортзал-1
Мәжіліс залы -0
Асхана - 12 орындық
Кітапхана- 12 м2
Кітаптар қоры- 3142; жаңа оқулықтар саны - 503
Медициналық кабинет-0
Процедуралық кабинет-0
Стомотология кабинеті -0
Психолог кабинеті -0
Методикалық кабинет-0
Интерактивті тақта -1
Жаңа модификациядағы физика кабинеті - 0
Жаңа модификациядағы биология кабинеті -0
Жаңа модификациядағы химия кабинеті-0
Робототехника кабинеті -0
Кадрлар құрамы Барлық педагогтар саны- 20
Білімділігі: жоғары- 13.
Орта арнаулы-7.
Біліктілігі: Жоғары -1
Бірінші -2
екінші-1
санатсыз –8
«педагог-шебер» -0
«педагог- зерттеуші»- 1
«педагог-сарапшы»- 4
«педагог-модератор»-3
Оқушылардың тамақтануы
1-4 сынып оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы 100%,
Негізгі және ағымдағы жөндеу
2022-2023 оқу жылына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Оқыту үрдісінің нәтижесі 2020 жыл
Мұғалімдер
Малгаждарова Жадыра Муратовна халықаралық қашықтық пән олимпиадасы, І дәрежелі диплом;
Сабыр Назира Аскаровна аудандық «Тілдарын» сайысы, «Көркем тіл» номинациясы;
Конакбаева Рахима Сагадатовна аудандық «Тілдарын» сайысы, ІІІ орын диплом.
Мухамедьянова Акдидар Базарбаевна Павлодар облысы бойынша Информатика пәнінен ұстаздар арасында олимпиадасының 3 дәрежелі диплом
Оқушылар
Атыгулова Наз «Абай әлемі» республикалық өнер байқауы «Мәнерлеп оқу» номинациясы, І дәрежелі диплом;
2021 жыл
Оқушылар
Бейсембай Толғанай «Мұқағали – мәңгілік жыр» республикалық байқау, І дәрежелі диплом;
Бәзен Аружан «Мұқағали – мәңгілік жыр» республикалық байқау, І дәрежелі диплом;
Әмірхан Самира «Мұқағали – мәңгілік жыр» республикалық байқау, ІІ дәрежелі диплом;
Кәрібай Ералы «Мұқағали – мәңгілік жыр» республикалық байқау, ІІІ дәрежелі диплом;
Түлеулен Жазира «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиада, ІІ дәрежелі диплом;
Жүсіп Айша «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиада, ІІІ дәрежелі диплом;
Бәкібай Нұрәлі «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиада, ІІІ дәрежелі диплом;
Бейсембай Толғанай «Тәуелсіздік – тәңір сыйы» республикалық байқау, І орын;
Әмірхан Самира «Тәуелсіздік – тәңір сыйы» республикалық байқау, І орын;
Кәрібай Ералы «Тәуелсіздік – тәңір сыйы» республикалық байқау, І орын;
Бейсембай Толғанай «Ақбота»зияткерлік олимпиадасы, ІІ дәрежелі диплом;
Рахмет Марғұлан «Ақбота»зияткерлік олимпиадасы, ІІ дәрежелі диплом;
Амангелді Рамазан «Ақбота»зияткерлік олимпиадасы, ІІ дәрежелі диплом;
Бейсембай Толғанай «ХХІ Сәтбаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясы, ІІІ дәрежелі диплом;
Бейсембай Толғанай «ХХІ ғасыр студенттер мен мектеп оқушыларының зияткерлігі: мүмкіндіктерді іске асыруы, болашаққа жоспары» ІІ дәрежелі диплом;
Бәкібай Нұрәлі «Ustaz tilegi» ғылыми –әдістемелік орталығы ұйымдастырған Облыстық Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылар арасындағы олимпиадасының ІІІ дәрежелі диплом;
Мұғалімдер
Алишева Алтыншаш Кундызбековна «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты аудандық шығармалар сайысында 3-орын ;
Ныгызбаева Жаныл Жумабаевна Ақтоғай аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы;
Ныгызбаева Жаныл Жумабаевна Ақтоғай аудандық кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің Алғыс хаты;
Малгаждарова Жадыра Муратовна «Педагогикалық білім: Тәжірибелер мен теориялар» І республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқаны үшін;
Малгаждарова Жадыра Муратовна «Әлеуметтік желілер арқылы жастарды кітап оқуға баулу», сертификат;
Мухамедьянова Акдидар Базарбаевна «Mangilik el jastar» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Тәуелсіздік-тәңір сыйы» атты мектеп оқушыларын дайындаған үшін Алғыс хат; KИО.KZ- Қазақстандық интеллектуалды олимипиадалар сайтының ұйымдастыруымен, педагогтардың білімін тексерумен біліктілігін арттыру мақсатында өткен республикалық интеллектуалды «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жүлдесі 1 дәрежелі диплом
Мухамедьянова Акдидар Базарбаевна «Ustaz Tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырылған «Ұстаздар жұмыс өнімділігін 2 есе арттырудың 5 жолы» атты вебинарға қатысқандығын растайды.
Мухамедьянова Акдидар Базарбаевна -Республикалық www.sabaq.kz ұстаздарға арналған әдістемелік-танымдық сайты өткізетін онлайн олимпиадасын ұстаздар мен оқушылар арасында белсенді насихаттағаны үшін Алғыс хат
Мухамедьянова Акдидар Базарбаевна «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбында білітілікті арттыру курсынан өткенін растайды, сертификат
Мухамедьянова Акдидар Базарбаевна «ОnlineMektep арқылы қашықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?» бойынша 38 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілін арттыруға арналған білім беру бағдарламасының онлайн - курсын аяқтады , сертификат
Мухамедьянова Акдидар Базарбаевна www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Мұғалімдерге арналған информатика пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасының жеңілпазы
1 дәрежелі
Сабыр Назира Аскаровна «Абай әлемі және рухани мұрасы» ІІ Республикалық қашықтық олимпиадасы, ІІІ дәрежелі диплом;
Конакбаева Рахима Сагадатовна «Ustaz tilegi» ғылыми –әдістемелік орталығы ұйымдастырған Облыстық Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн олимпиадасы, ІІІ дәрежелі диплом;
2022 жыл
Мұғалімдер
Жусупова Марал Амангельдиновна Ақтоғай аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты;
Малгаждарова Жадыра Муратовна облыстық «Үздік оқу-әдістемелік құрал» конкурсы, сертификат;
Малгаждарова Жадыра Муратовна аудандық «Үздік оқу-әдістемелік құрал» конкурсы, І орын;
Малгаждарова Жадыра Муратовна облыстық «Функционалдық сауаттылық – табыстың негізі» үздік дидактикалық құрал, ІІІ дәрежелі диплом;
Малгаждарова Жадыра Муратовна «Білім саласының майталманы-2022» республикалық байқау, диплом 1-орын;
Малгаждарова Жадыра Муратовна «Жаңашыл мұғалім-2022» республикалық қашықтық олимпиадасы, І дәрежелі диплом;
Мухамедьянова Акдидар Базарбаевна - Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған «Педагог мәртебесінің қалыптасуы- кәсіби біліктілікпен әдістемелік негізінде» атты республикалық конференциясына қатысып, білім саласының дамуына үлес қосқан үшін, диплом (2022)
Мухамедьянова Акдидар Базарбаевна «Дарынды бала» Республикалық Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының « Үздік қазақ тілді интернет- сайты сыйлығы» байқауында Республикалық «Мұғалім мәртебесі-ел мерейі – 2022 атты шығармашылық байқауына «Үздік сабақ жаспары» номинациясы бойынша қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін, 1 дәрежелі диплом
Мухамедьянова Акдидар Базарбаевна «Білім әлемі» Республикалық ғылыми-танымдық, педагогикалық журналына үздік жұмысын жариялағаны үшін, диплом
Сабыр Назира Аскаровна «Абырой» республикалық білім порталы, алғыс хат;
Оқушылар
Бейсембай Толғанай аудандық «Тіл –ғұмыр» көркемсөз оқу шеберлері «Даналардың жолымен» номинациясы;
Кәрібай Ералы Республикалық «мәнерлеп оқу» байқауы, І орын;
2022-2023 оқу жылындағы өткізілген мектепішілік іс-шаралар
Бастауыш сыныптар арасында өткен
«Жаңартылған білім-болашақтың кепілі» атты бастауыш сыныптар апталығының қорытынды есебі
Бастауыш сынып апталығы 17-ші қазаннан 22-інші қазан аралығында болып өтті. Апталық басталмас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің екінші отырысында талқыланды және бекітілді.
Тақырыбы: «Жаңартылған білім-болашақтың кепілі»
Апталықтың мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұнын тиімді пайдалана отырып,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Пәндерді оқытуда ойынға деген қызығушылықтарын арттыра отырып,танымдық қабілеттерін дамыту
Апталықтың міндеттері:
-оқушылардың оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;
- сабақ және сабақтан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отырып,барлық оқушыларды оқу және тәрбие үдерісіне тару
Апталық мынадай жоспарда құрылды:
Апталықтың бірінші күні 2-сабақ үзілісінде апталықтың ашылу салтанатына орай саптүзеу болды. Бұл саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс - шаралардың жоспарымен таныстырылып, Қазбек бидің 355жылдығына орай видеоролик көрсетілді.
2-күн
1-сынып оқушыларымен өткізілген «Сан қырлы фигуралар әлемі» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Сабақтың құрылымы бір сарынды емес, әр түрлі тапсырмалар, әрқилы әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылармен жеке жұмыс, топпен жұмыс жасалды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Оқушылардың математикадан есептерді шапшаң шығаратыны байқалды.
Дене шынықтыру мұғалімі сабағын бастамас бұрын қауіпсіздік техникасын өткізді. Сабақ барысында әртүрлі ұлттық қызықты сайыстар балалардың қызығушылығын арттырды. Барлық балалар сайысқа белсенді қатысты.
3-күн «Жер-Анадан сый»Күзгі жәрмеңке
Ата-аналар мен мектеп оқушыларының дайындауымен дәмді тоқаш,самсалар дайындап, жәрмеңке жасалды. Жәрмеңкеден түскен қаражатқа оқушыларға Жаңа жылдық сыйлықтар алуды жоспарландық.
4-күн Ашық сабақтар күні.
А.А.Малгаждарова сабағын өте тартымды өткізді. Сабақты психологиялық ахуалдан бастап оқушыларды жақсы көңіл күйге бағыттай білді. Оқушылар өте тәртіпті, ынталы қатысты және жұппенпен жұмыс жасай білді. Мұғалім оқушылармен тығыз байланыста екенін, сонымен бірге мұғалімнің шеберлігі жоғары екенін көрсете білді. Әр тапсырмадан кейін бағалау парағы толтырылып отырды. Бағалау парағы арқылы оқушылар өзін-өзі бағалай білуге үйренеді.
2-сыныпта математикадан Центнер тақырыбында ашық сабақ өткізілді.Оқушылар берілген тапсырмаларды рет-ретімен орындай отырып, тапсырмаларды толығымен қамтып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақта ақпараттық коммуникациялық технологиялар тиімді пайдаланды. Сабақтың тапсырмалары жас ерекшеліктеріне сай құрастырылып берілді.
«Миға шабул» стратегиясы кезінде деңгейлік тапсырмалар қолданды. Мұғалім оқушылармен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жасай отырып, оқушыларды ынталандыра, өзінің педагогикалық шеберлігі жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Оқушылар сабақ соңында рефлекция жасады.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы блум такономиясына сай құрастырылды.
Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді. Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты.
Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апта бойы пәндер бойынша қызықты сөзжұмбақтар мен тапсырмалар, логикалық есептер ілінді. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары болып, белсенділіктерін танытты.
5-күн
Бастауыш сынып апталығының 5-ші күні 1-4сынып оқушылары Республика күніне арналған «Мен қазақпын!»флэшмобымен апталықтың жабылу салтааты болды .Барлық оқушыларға апталыққа белсенді қатысқандары үшін алғыс хат табысталды.
Бұл апталықта бастауыш сынып мұғалімдері оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана білді, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттырды, өз шығармашылықтарын шыңдап, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті және білімдерін шыңдады.
Бастауыш сынып әдістемелік
бірлестік жетекшісі: Кожмагамбетова А.Ж
Ақтоғай ауданы «Балтасап негізгі мектебі» КММ
2022-2023 оқу жылының І жартыжылдық тәрбие жұмысының есебі.
2022-2023 оқу жылына арналған мектепішілік жоспарын белгілеп, мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз етуде, оқушылардың бос уақыттарын есепке алып, пәндік және басқа да үйірме, секцияларға тартуда, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстарын үздіксіз жүргізіп, оқушыларды мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерімен қамтуда нысаналы жұмыстар атқарды.
Мектепішілік тәрбие жоспарының тақырыбы: Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/Ch8_po6sDOK/?utm_source=ig_web_copy_link
Тәрбиенің мақсаты : Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған, ХХІ ғасырдағы рухы жоғары өркениетті елдің жастарын тәрбиелеу;
Тәрбиенің негізгі міндеттері:
1. Оқушы- Ата- ана-Мектеп үш одақтың байланысын нығайту.
2. Құқық бұзушылықтың, есірткі мен ішімдіктің, жол- көлік жарақатының алдын- алу шараларын жүзеге асыру.
3. Өз білімін жетілдіру арқылы, тәжірибе алмасу семинарлары арқылы, өзара тәрбиелік іс- шараларға қатысу арқылы,педагогтардың біліктілігін арттыру.
4. Педагогтардың белсенділігін арттыру, әдістемелік мәдениетін қалыптастыру және дамыту мақсатында,әдістемелік күн, семинар,тәжірибе презентациясын әдістемелік бірлестіктің отырысында өткізу.
5. Жалпы адами және ұлттық құндылықтар мен шындыққа негізделген адамның лайықты өмірі (адалдық, құрмет, парасаттылық);
6. Өз өмірінің, қажеттіліктерінің және өзінің «Менін» басқа адамдармен байланыстырудың мәнін ұғыну;
7. Жергілікті қоғамдастықты жақсарту үшін белсенді қызметке тарту;
Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тәрбиенің басым 8 бағыттық жұмысы қамтылды.
Олар:
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Осы бағыттағы атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, тамыз айында Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығының өту барысында Балтасап негізгі мектебінде жауаптылардың мақсат-міндеттері түсіндірілді.
Жауаптылар ауылды аралап, балалардың тізімдерін, жаңа оқу жылына дайындықтарын нақтылап шықты.
Тұрмысы төмен отбасы мен қамқорлықтағы оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен отбасы жоқ екендігі зерттелді. Нақтыланған ақпараты бойынша 44 үйде 0-6 жас аралығында 29 бала болса, 7-18 жас аралығында 45 бала бар.
Оқушыларға мектеп кітапханасынан тамыз айынан бастап кесте бойынша оқулықтар таратылды. Жетпеген кітаптар жайлы ата-аналарға ескертіліп, сатып алу керектігі айтылды. 1-4-сынып оқушылары орендатор тарапынан мектеп асханасынан ыстық тамақ ішеді. Қамқорлықтағы оқушы жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін тамақтанады.
Оқушылардың сабаққа қатысуын тіркейтін арнайы дәптер ашылған. Ауырған балалардың жағдайын сынып жетекшілер үйлеріне барып біліп отырады. Мектеп медбикесімен байланыс жасалынады.
Мектепке келген, не мектептен кеткен оқушылардың құжаттары түгел рәсімделген.
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектепте 5 секция мен 2 үйірме құрылды. Олар: шахмат, күрес,баскетбол, волейбол, футбол,теннис және домбыра үйірмелері жұмыс жасайды. Оқушылардың жалпы санының 100 %-ы спорттық секцияларға қатысты. Сабақтан тыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатында қызығушылықтарына байланысты оқушылар үйірмелер мен секцияларға жазылды. Сондай-ақ қыздар клубы «Аққу» және ұлдар клубы «Мирас» жұмыс жасайды Тәрбиеге қиындық келтіретін оқушыларды болдырмаудың алдын алу жұмыс түрлері өте көп. Қуанарлық жағдай, мектепте ондай оқушылар қазіргі кезде жоқ. Қамқорлықта отырған балалардың да тәртібі жақсы. бала тәрбиесіне қатысты адамдардың немқұрайлық танытпай, қателік жібермеу жоддары қарастырылды. Мектеп, ата-ана, оқушы ұйымдары бірлесіп, іс-шаралар өткізу қолға алынған. Спорт ойындары мен танымдық, шығармашылық кештерге оқушылар жиі қатыстырылып, ата-аналар да тартылды. Өз балаларының өнерін тамашалап, кем-кетігін байқап отырды.
Жыл басында «Мектеп ережесі- оқушының құқығы мен міндеті» жасалып, оқушыларға таныстырылды. Әр сыныпта тәрбие сағаттары мен сынып жиналыстары өтті. https://www.instagram.com/p/Ch9c2r1LXOh/?utm_source=ig_web_copy_link
Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары ұйымдастырылған.
Негізгі мақсаты: оқушылар бойында өз ісіне деген жауапкершілікті қалып-
тастыру, заңға бағынуға, оны орындауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Одан шық-
қан міндеттер: жасөспірімдердің бақылаусыз, панасыз қалудың алдын алу, құқық бұзуға бейім тұратын балаларды анықтау, оларды дұрыс жолға салу, өз міндеттерін дұрыс атқара алмай жүрген отбасылармен жұмыс жүргізу,
нақты әрекеттер арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту, салауат-
ты өмірге баулу.
Оқушылардың бос уақыты қадағаланып, түнгі бейсауат жүрістерін болдырмау мақсатында «Жасөспірім» рейдінің кестесі жасалды, мұғалімдерден кезекшілік құрылды, ата-аналары мен оқушылардан қолхат алынды.
Осындай жұмыстар каникул кездерінде де үздіксіз жүргізіліп отырды.
Көптеген игі істердің бала тәрбиесіне әсер етері анық.
Мектебіміз оқушылардың әлеуметтік және қоғамдық орталардың ерекшеліктерін дұрыс бағалай білуді қалыптастыру және қоғамдық мүдделерге қайшы іс-әрекеттер мен идеологоиялық, діни тұрғыдағы теріс ниеттер мен көзқарастарға қарсы тұра білуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарға көбірек көңіл бөледі. Мысалы: «Діни экстримизмге жол жоқ» суреттер байқауы, «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» кітаптар көрмесі, «Қазіргі уақыттағы дінаралық ахуал» тәрбие сағаттары, «Имандылық отбасынан бастау алады» пікір талас т.б. іс-шаралар өткізілген.
Сонымен қатар оқушыларды Қазақстан Республикасының заңдарына, Конституциясы мен құқықтық тәртіптілікке құрметпен қарауға, силауға тәрбиелеуге назар аударылады. Оның айғағы ретінде бастауыш сыныптарда «Заңды білу заман талабы», жоғарғы сыныптарда «Құқықтық сауаттылық заман талабы», «Балам бол, басқа бол – бәріне заң біреу-ақ», «Өз құқығыңды білесің бе?», «Заңды білген жөн» сынып сағаты, «Бала және заң», «Біз мектеп тәртібін білеміз бе?» дөңгелек үстел қатарлы іс-шаралардың өткізілуі дәлел
бола алады.
Тәрбие жұмысында ата-аналармен байланыс келесі жұмыс түрлерімен жүзеге асырылады: жиналыстар, кездесулер, сауалнамалар, тренингтер, дөңгелек үстел, отбасы жарыстары, мерекелік іс-шаралар өткізіледі.
Мектепте тоқсан сайын ата-аналар жиналысы өткізіледі, жылдық жоспары бар, хаттамалары жазылған. Ата-аналар комитеті сайланған, жұмыс жоспары құрылған. Ата-аналарға арналған баяндамалар мен кеңестер беріліп, сауалнамалар өткізілген. Сонымен қатар мектепте Қамқоршылық кеңесі құрылған, оның жоспары да бекітіліп іске асырылған. Қамқоршылық кеңесінде 9 ата-ана мүшелері ретінде сайланған.
Мектепте бірыңғай республикалық «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымы мен «Жас қыран» ұйымы құрылған. «Жас Ұлан» ұйымына 15, «Жас қыран» ұйымына 6 оқушы қабылданған. Жылдық жоспары бекітілген
Мектептің ұлан басшысы мектеп оқушыларының сайлау дауыстары арқылы тағайындалған.
Өзін – өзі басқару жұмысының ықпалдылығы «Мектеп оқушылар көзімен» сауалнамасы бойынша сарапталады.
«Мәңгілік ел» патриоттық идея барысында 2-қыркүйекте Білім күніне арналып жас ұрпақтың отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында біріңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
Қыркүйек айындағы алғашқы ата-аналар жиналысында тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие берудің жолдары айтылады. Балаларға тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталып, осы бағыттада жүргізіліп жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстырылды.
«Денсаулық фестивалі» айлығы бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, футбол ойынынан мектепішілік жарыс, жолдосттық кездесулер өткізілді.
«Тілдер айлығы» шеңберінде Ахмет Байтұрсыновтың 150 жыл шығармашылығына арналған әдеби кеш және кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1-9 сынып оқушылары арасында ағылшын тіліне
бағытталған «Полиглот» зияткерлік сайысы өткізілді. 6-8 сыныптарда «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты дөңгелек үстелдер өткізілді.
Қыркүйектің сонғы аптасында ұстаздар күніне орай «Ұстазым -Ұлағатым, » атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. 8-9 сынып оқушылар бір күн «Дублер» күнін өткізілді
Қазан айының бірінші аптасында . «Халықаралық қарттар күніне» орай “қартттарын қадірлеген ел ардақты” тәрбиелік іс-шара аясында мектеп оқушылары ауылдың қарттарға түрлі жұмыстарға көмек жасады. Аталған мерекеге орай мектепте қарттарға арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, мектеп оқушылары белсене қатысты.
«Мен және менің полицейім» атты акция аясында 8-9 сыныптар арасында «Қылмыс жасаушы және оны жазалау, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында қала инспекторымен кездесу ұйымдастырылды.
Қазанның екінші аптасында Халықаралық қыздар күніне арналған апталық бойынша сынып сағаттар, «Қыздарға кеңес» пікір алмасу, «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылармен «Табиғат – біздің досымыз» атты сурет көрмесі жасалды.
Қазанның үшінші аптасында 5-9 сыныптар арасында Жылдағы дәстүр бойынша «Алтын күз» мерекесі өтті. Буындар арасында өткен мереке өте тартымды болды. Концерттік бағдарламаға барлық оқушылар қатысты.
Қарашаның 15-і күні Ұлттық Валюта күніне орай 7-9 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылардың ұлттық теңгеміз туралы қаншалықты ақпаратты білетіні айқындалды. Қараша айының соңғы аптасында 8-9 сынып оқушылары арасында «Біз шылым шегуге қарсымыз» тақырыбында әңгіме өткізілді. 27-ші қараша күні Бүкіл Қазақстандық «Сенім 111» атты 5-9 сынып оқушылары арасында сабағы ұйымдастырылды.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында сыбайлас жемқорыққықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртібін белгілі деңгейге дайындау мақсатында аталған тақырып бойынша 5-9 сынып оқушылары арасында сабақтар өтті.
Оқушылардың бос уақытын қамту мақсатында мектебімізхдің үйірме жұмыстары жалғасуда
Мектебімізде спорт секциялары оның ішінде күрес жұмысын атқаруда.
Мектебімізді «Оқуға құштар мектебі» жобасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр Жобаның мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауатылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру.
Жобаның міндеттері : Мектеп оқушыларының кітап оқу белсенділігін дамыту; Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған өзара байланысты жаба жүйесін қалыптастыру; Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап –талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екенін түсіндіру; Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту; Интерактивті әдістемелерді қолдану: Электронды кітаптарды оқуға баулу; Аудиокітаптардың тізімін беру, қолдана білу; BookCrossing кітап алмазу қозғалысын дамыту.
Жобадан күтілетін нәтижелер: Мектеп оқушыларының кітап оқуға белсенділігі артады. Мектеп оқушыларының оқырман белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған жаба жүйесі қалыптасады. Отбасылық кітап оқу дәстүрі жаңғыртылады. Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екенін түсінеді. Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесі, көркем әдебиетке, кітапқа денег қызығушылығы демиды. Интерактивті әдістемелерді қолдану арқылы электронды кітаптарды оқуға және аудиокітаптарды қолдана білуді меңгертеді. BookCrossing кітап алмазу қозғалысы демиды.
«Оқуға құштар мектеп» кітап оқуды дәріптеуге арналған жаба бойынша өткізілетін мектепішілік іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жоспар бойынша Балтасап негізгі мектебінде мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ахмет Байтұрсынов-зиялылыар көсемі» атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.
21 қыркүйекте «Сыныпта кітап оқу» бөлімі бойынша орыс тілі пәні мұғалімі Қонақбаева Р.С 5 сынып оқушыларымен Ахмет Байтұрсыновтың кітаптарымен таныстырып, сол кітаптардан оқушылар сыныпта үзінді оқыды. Мақсаты:Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.
«Кітапханаға саяхат» мектеп кітапханасында 1сынып оқушыларымен кездесу болды. 1сынып оқушылары мектеп кітапханасымен танысып, кітапханадағы қыял-ғажайып ертегі кітаптармен танысты.
Кітапханада «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» атты мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. А.Байтұрсынұлының шығармаларынан үзіндіні 9сынып оқушылары Бейсенбай Толғанай,Базен Аружан, Тұрсын Иманғали оқыды.
«Еркін оқу кеңістігі» (20 минут оқыда,з минут эссе жаз) бөлімі бойынша 5сынып оқушылары сыныпта ертегі кітаптар оқып, шағын эссе жазды. Сынып жетекшісі Конақбаева Р.С.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Отбасылық оқудың дәстүрлері» бағыты бойынша 1-4 сынып оқушылары отбасымен бірге кітап оқып, сыныпта әңгімелеп берді. Сынып жетекшілері Кажмаганбетова Р.Ж, Малгаждарова А.А., Кажмаганбетова А.Ж
Мақсаты: Отбасымен кітап оқуға шақыру. Оқушыларды жас кезінен отбасымен кітап оқуға дағдыландыру. Кітапхана мен отбасы арасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру.
« Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Оқу уақыты» (Өзін оқып, өзгеге ұсын) READx book жобасы. 9сынып оқушысы Тұрсын Иманғали Қалқаман Әбдіқадіровтың «Қажмұқан» атты кітабын сыныптастарына оқуын ұсынды Сынып жетекшісі Жусупова Марал Амангелдиновна. 8сынып Жүсіп Айша М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні», электронды кітап «Махаббат қызық мол жылдар» кітаптарының оқығанын баяндап, сыныптастарына оқуды ұсынды сынып жжетекшісі Мухамедьянова А.Б .Мақсаты: Кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау.
«Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Әжемнің ертегілері» Үзілісте ертегі оқуды 1- 4сынып оқушыларымен сынып жетекшілері Кажмаганбетова Р.Ж, Малгаждарова А.А., Кажмаганбетова А.Ж ұйымдастырып отырады. Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға , оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру. Ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу.
Мектепте "250кітап" кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырманды кітап оқуға шақыру, зияткерлік және шығармашылық жұмысқа тарту.
25қазан Республика күніне орай және Оқуға құштар мектеп жобасы аясында мектеп кітапханасында "Қадірлі Қазақстан-Отан ана" атты челенджіне 9 сынып оқушысы Бапыш Мади,5сынып оқушылары Жанібек Нұртөре, Жұмабай Інжу, Бәкібай Ерасыл қатысты.
Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толыуына байланысты кітапханада М.Әуезовтың көркем шығармаларымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапханада 9-5сынып оқушыларымен М.Әуезовтың «Абай жолы» романын аудиодискілерден үзінділер тындалды.
7қараша «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150жылдығына арналған мектепішілік көркемсөз оқу сайысы өтті.
14қараша Бапыш Жақыпбек 6сынып оқушысы «Үздік оқырман отбасы» жобасына қатысты.
Желтосан айында 2 сынып оқушыары үзілісте кітап оқимыз жұмысы атқарылды.
Желтоқсанның бірінші,екінші аптасында ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздіктің сырлы бояулары» атты апталық өткізілді. Апталық жоспары бойынша 1-6 сынып оқушылары сурет салып, газет көрмесіне белсене қатысты. Сонымен қатар 5-7 сынып оқушылары мен«Тәуелсізік теңдігімен ,Елбасы елдігімен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 1-9 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары өткізілді. 5-9 сынып оқушыларына дәріс өткізіп, соңында олардан сауалнама алынды. Және де 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым және спорт» Толағай спорттық сайысы өткізілді» Бұл сайысқа ата-аналар тарапынан үш команда қатысты. Аптаның соңғы күні салтанатты жжиын өткізіліп, 1 мен 5 сынып оқушылары Жас Қыран мен Жас Ұлан қатарына қабылданды.
Желтоқсан айының үшінші аптасында 5-6 сынып оқушылары арасында «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын!» атты сурет сайысы өткізілді.
2022-2023 оқу жылындағы өткізілген мектепішілік іс-шаралар
Физика, информатика,математика пәндеріне 5-9 сыныптар арасында өткен
05.12-08.12 аралығында «ХХІ ғасыр- нақты ғалымдар ғасыры» атты физика,информатика, математика апталығы жоспарланып өткізілді. Алғашқы күні апталықтың жоспарымен таныстырып ,пән газеттері шығарылды. 06.12 «Физикалық бәйге» интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылып өткізілді . Сайыс 6 кезеңнен тұрды және екі топ қатысты «Қайсар » тобы, «Қайтпас » тобы .Сайыс барысында білгірлер алға шығып өз білімдерін шыңдап «Қайсар» тобы І орынға ие болды. Апталық барысында математика пәні бойынша Ахмет Е. С. 6- сыныппен «Рационал сандарға арифметикалық амалдар қосу» тақырыбында ашық сабақ өткізді . Информатика пәні мұғалімі Мухамедьянова Ақдидар
« Көңілді информатика » тақырыбында 5,6,7 – сынып оқушыларымен сайыс ұйымдастырды.Апталық барысында 5 сыныпта информатикадан « Растырлық және векторлық суреттерді салыстыру » тақырыбында ашық сабақ өткізілді.