Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақтоғай ауданы білім беру бөлімінің "Балтасап негізгі мектебі" КММ
КГУ "Балтасапская основная школа" отдела образования Актогайского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
15
Наурыз
2023
|
- Қаралды: 98
Бүгін мектебіміздің оқушылары «Күй шебері -2023» байқауына қатысып марапатқа ие болды
12
Шілде
2022
|
- Қаралды: 129
Жазғы демалыстар балалардың бос уақытының жылдық көлемінің едәуір бөлігін құрайды, сондықтан олар үшін жаз - бір жыл ішінде жинақталған шиеленісті бәсеңдету, жұмсалған күштерді толықтыру, денсаулықты қалпына келтіру, шығармашылық әлеуетті дамыту, жеке мүмкіндіктерін жақсарту.
Жазғы бағдарламаны жүзеге асыруда шатырлы лагерь ерекше орын алды. 5 шілдеден бастап Ақтоғай ауданы Жалаулы орта мектебінің педагогтары оқушыларға арналған жазғы бағдарламаға сәйкес "Батыр" атты шатырлы лагерін ұйымдастырды. Шатырлы лагерь бағдарламасы өз бағыты бойынша әртүрлі іс - шараларды қамтиды, әртүрлі патриоттық және спорттық бағыттарды, сауықтыруды, демалуды және балаларды тәрбиелеуді біріктіреді. Балалар үлкен ықыласпен шатырлар орнатты.
8
Шілде
2022
|
- Қаралды: 109
Балалар жылы аясында Ақтоғай ауданының оқушылары үшін «Ертіс Медиа» холдингінде оқушылардың тілші мамандығы туралы ойларын кеңейту, мақала жазуға машықтандыру, экран алдында жаңалық айтуға, оқу дикцияларын қалыптастыру, кәсіби бағдар беру мақсатында "Тәлімгердің жұмыс орнындағы он күн" атты жобасы іске асырылуда.
Жобамыздың алғашқы күні тәлімгеріміз, "Ертіс Медиа" ЖШС директорының орынбасары, "JEBE" қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы, ақын, тілші, еліміздің мақтанышы, бетке ұстар ер азаматымыз Сманов Жұмабек Оркенұлы Нығманов атындағы орта мектебінің «Жас қаламгер» үйірмесінің шәкірттерін кәсіби мамандардың жұмыс орындарымен таныстырып, журналистиканың қыр-сыры жайлы мәліметтерімен бөлісті.
Баянауыл өңірінің тумасы Еламан Қабділәшім атты журналист, ақынмен кездесу өтіп, ақынның жарық көрген кітаптарымен танысып, шабыт, өлең жазу, жалпы шығармашылық тақырыптарында әңгіме өрбіді.
Оқушыларымыз оператордың қызметімен танысып, экран алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс жасады. Оператормен жұмыс жасау барысында жарықтың дұрыс түсуі, микрофонның қызметі, видеоаппаратпен жұмыс жасау және тағы басқа сол сияқты жұмыстардың қыр-сырын меңгерді. Фотограф Есенжол ағаларымен фотоаппаратпен дұрыс жұмыс жасауды, фотоға дұрыс түсіруді, суреттерді сөйлете білуге, оларды өндеуге, фотоның тақырыпты ашудағы басты міндеттерімен танысып, білімдерін жетілдірді. Оқушыларымыз кәсіби бағдар бойынша білімдерін кеңейтуді жалғастыруда.